Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұл қызметке танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен келді.
Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
2013-2016 жылдары Qazsport арнасының редакторы болған. Сол қызметті атқара жүріп 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатында оқиға орнынан қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет репортаж жүргізген.
Ол 2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Qazsport телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарды.
Comments are closed.