- Advertisement -

Жаңа Этика кодексінің жобасы әзірленді

36

- Advertisement -

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге жаңа Этика кодексінің жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты.

«Этика талаптарын қызметтік этикаға жатпайтын өзге де ережелерден бөлу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін жаңа редакцияда жазу ұсынылып отыр. Осыған байланысты, қазіргі уақытта өзге елдердің тәжірибесін ескере отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында, Президенттің стратегиялық құжаттары мен бастамаларында айқындалған заманауи талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінің жобасы әзірленді», — деді А. Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.

Спикердің айтуынша, кодексте қызметтік этиканың белгілі бір стандарттарынан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің этика бұзуының алдын алу шаралары практикалық ұсыныстар түрінде қарастырылған.

«Жаңа кодекс мемлекеттік қызметшілердің этикалық мәдениетін қалыптастыру жұмысын жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймыз. Мемлекеттік басқару академиясы базасында этика мен құқықтың өзекті мәселелерін оқыту, мүдделер қақтығысын шешу бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың жаңа курсын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр», — деп толықтырды Анар Жайылғанова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support