- Advertisement -

Ішкі істер министрі Сәтпаев қаласындағы жағдай туралы

58

- Advertisement -

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды ​​облысы Сәтпаев қаласындағы жағдай туралы шұғыл брифинг өткізді. 

23 шілде күні сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы Сәтпаев қаласының полиция бөлімшесіне хабарласқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Қазір қыз ауруханада жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Ұсталған адамның үйінің жанында күдіктіні өздеріне тапсыруды талап еткен наразы адамдар жиналған.  Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар өз үйлеріне тарады.

— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша: «Адам ұрлау» және «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша айқындалды, — деді ІІМ басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support