Шорнақтағы жанжал: Жалған мәлімет таратып, араздық туғызғандар жауапкершілікке тартылады

Шорнақтағы жанжал: Жалған мәлімет таратып, араздық туғызғандар жауапкершілікке тартылады
ашық дереккөз
Шорнақтағы жанжал: Жалған мәлімет таратып, араздық туғызғандар жауапкершілікке тартылады
 width= Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 21 шілде күні Түркістан облысының Шорнақ ауылында болған жағдайға пікір білдірді. «21 шілде күні Түркістан облысының Шорнақ ауылында ауылдың екі жас тұрғыны арасында тұрмыстық қақтығыс орын алып, оған екі жақтың да жақтастары қосылды. Жергілікті учаскелік полиция қызметкерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында төбелес жедел тоқтатылып, жанжалдың бастамашылары мен қатысушылары ұсталды, тергеу басталды. ҚР АҚДМ жанынан құрылған Қолданбалы этносаралық қатынастар институтының директоры бастаған мамандар тобы өңірдегі этносаралық жағдайды мониторингілеу бойынша жоспарлы жұмыстар шеңберінде Шорнақ ауылына шұғыл жетіп, болған жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, жан-жақты толық бағалауға мүмкіндік алды» деп жазады министр Facebook парақшасында. Оның айтуынша, кеше әлеуметтік желілерде тараған хабарламалар мен эпизодтық жарияланымдарды ауыл тұрғындары таратпаған. Аудиторияға жалған ақпарат беру мақсатында Шорнақ ауылындағы оқиғаға қатысы жоқ ескі видео таратылған. «Бұл әрекеттерден қақтығысты ұшықтыру және оқиғаға қасақана дем бүрку әрекеттерінің белгілері анық байқалды. Өкінішке қарай, жеке блогерлер материалдың шынайылығына көз жеткізбей, оны өз парақшаларында жариялады. Осыған байланысты жалған мәліметтерді таратқаны үшін және араздықты тұтандырғаны үшін жауапкершілікті есте сақтау маңызды екенін ескертеміз. Мұндай фактілердің қатаң түрде жолы кесіледі және заң бойынша қудаланады» деп атап өтті Аида Балаева.

Ұқсас жаңалықтар