- Advertisement -

«Мыңарал компаниясы» толық қуатында жұмыс істей алмай келеді

70

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың   Мойынқұм ауданындағы іс-сапары алдымен Мыңарал ауылдық округінде орналасқан «Компания Мыңарал» ЖШС-нен басталды.

Осыдан 6 жыл бұрын құрылған мекеме жылына 1,5 мың тонна балық өнімдерін шығаруға қауқарлы.

Алайда, «Мыңарал компаниясы» балық зауытының директоры Сергей Нидің айтуынша, Мыңарал ауылдық округінде балық аулаумен айналысатын тұрғындар көп болғанымен, заңды түрде айналысатын кәсіпкерлер аз.

Тағы бір айта кетерлігі, балық зауыты әлі күнге дейін толық қуатында жұмыс істей алмай келеді. Оған бірден-бір себеп – шикізаттың жетіспеушілігі.

Мәселен, зауыт 2017 жылы 853 тонна балық өнімін шығарса, 2018 жылы 597 тонна ғана өндіріп, жоспарлы межеден шыға алмаған. Ал өткен жылғы өндірген өнім көлемі тіпті 300 мыңға да жетпей қалыпты. Оған қоса, зауыт меншігінде балық аулайтын екі учаскісі болса, өндіріс ошағына оның өзі жеткіліксіз.

Мекеме басшылығы жергілікті жердегі балық аулайтын айдындардың көлемін ұлғайтып, квота берілсе дейді. «Мыңарал ауылдық округінде пайдаланылмай жатқан учаскілер бар. Бұл жерлерді өз аттарына заңдастырып кейбір тұрғындар материалдық базаның жоқтығынан тиімді пайдалана алмауда.  Оның басым бөлігі Алматы облысынан келген кәсіпкерлерге тиесілі. Олардың материалдық-техникалық базасы төмен болса да, учаскі көлемінің үлкен болуына байланысты оларға 2 мың тоннаға дейін квота беріліп жатыр. Әзірге арнайы келісімшарт негізінде солардың учаскісінде балық аулауға мәжбүрміз. Облыс әкімдігі бізге дәл осы учаскі мен квота бөлу мәселесін шешіп берсе, зауыттың толық қуатында жұмыс істеуіне мүмкіндік туар еді», — дейді Сергей Ни.

Облыс әкімі аталмыш мәселені жан-жақты зерттеп, тиісті министрлік өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп, зауыттың толық қуатында жұмыс істеуіне барынша атсалысатынын жеткізді.

Жалпы, мұнда 100-ге жуық адам тұрақты жұмыс істейтін болса,  пандемияға байланысты әзірге 40-50 адам жұмыс істеуде. Атап өтерлігі, жұмысшылардың жартысынан көбі  жергілікті тұрғындар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support