Мыңарал жағажайы туристерді қызықтыра ала ма?

Мыңарал жағажайы туристерді қызықтыра ала ма?
ашық дереккөз
Мыңарал жағажайы туристерді қызықтыра ала ма?
 width= Облыс әкімі Б.Сапарбаев Балхаш көлінің жағалауынан жағажай салуға лайықты деп танылған орынды көзбен көріп қайтты. Облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Ғани Майлыбаевтың айтуынша, дәл осы Балхаш көлінің маңына Мыңарал жағажайын салып, курорттық қалашықтар бой көтеріп, аңшылық пен балық аулауға арналған демалыс орындары ашылар болса, Нұр-Сұлтан мен Қарағанды, Алматы мен Шымкент қалаларынан келетін адамдардың қарасы қалың болмақ. Ол үшін ең әуелі республикалық мәндегі күре жол мен жағалаудың арасына жол салу қажет екен. Сондай-ақ, Ғани Айдарұлы Мойынқұм ауданындағы 45 археологиялық, 46 сәулеттік, 6 тарихи ескерткішті жандандырып, «Қырбас», «Биназар батыр» және «Құралай сұлу» кесенелеріне жолы салынар болса, мұндағы туризмді жаңа деңгейге көтеруге болатынын айтты. Кейінгі жылдары Мойынқұмдағы «Андасай» мемлекеттік зоологиялық қорығына көңілі ауған шетелдіктер арнайы лицензия алып, аң аулайтын көрінеді. Өз кезегінде Мыңарал жағажайының макетімен танысқан Б.Сапарбаев Балхаш көлі маңындағы аталмыш жағажайға адамдардың алыстан ат терлетіп келетініне күмәнмен қарайтындығын жеткізді. Облыс әкімі туризм басқармасы басшысына аталған орынға жол салмас бұрын бұл жобаны әлі де пысықтап алу керектігін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар