- Advertisement -

Электронды теңгені жасап шығаруды жылдамдату керек

40

- Advertisement -

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысында электронды теңгені жасап шығару процесін жеделдетуді ұсынды. Айтуынша, бұл жемқорларға ақша жымқыруда «қолайсыздық» тудырады, сондай-ақ бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

«Бұл жемқорлық үшін қолайлы қолма-қол ақшаны қысқартуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді», – деп мәлімдеді А.Шпекбаев.

Агенттік басшысы өзі басқаратын ведомствода да цифрландыру процесін жеделдетуге ниетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері электрондық қылмыстық істер жүйесін белсенді қолдануды көздеп отыр. Осылайша, ведомство өкілдері үстінен тергеу жүргізіліп жатқан, бірақ қамауға алынбаған тұлғаларға электронды білезік тағуды қарастыратын «алматылық тәжірибені» қолданбақ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support