- Advertisement -

Қазақстан УЕФА коэффиценттері кестесінде бір саты жоғарылады

29

- Advertisement -


Қазақстан УЕФА коэффиценттері кестесінде бір саты жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН.
ҚазАқпарат – Бүгін түнде елордалық «Астана» футбол клубы Андоррада Еуропа
Лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында жергілікті «Санта-Коломой»
командасымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тең
есеппен аяталған ойында гол салынған жоқ. Қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтанда
өтеді.

Еурокубоктың
кезекті ойын күнінен кейін Қазақстан УЕФА-ның коэффиценттер кестесінде бір саты
көтеріліп, соңғы бес маусымның 17,500 нәтижесімен 24 орынға табан тіреді. Дәл
осындай коэффицент Беларусь елінде. 23-орынға Израиль орналасты (18,125).

Еске
салайық, қазақстандық өзге де командалар ертең Еуропа Лигасындағы матчтарын
өткізеді. «Ордабасы» Чехияда «Млада-Болеслав» клубымен, ал «Қайрат» Израиль
елінде Беэр-Шевадан келген «Хапоэль» командасымен кездесетін болады.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support