АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда литвалық Ричардас Биранкиспен күш сынасты.
А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 82-сатыда еді. Соған қарамастан, Александр матч барысында таразы басын өзіне аудара біліп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке сағат жарымға созылды.
А.Бублик енді іріктеу сайысының финалында әлемнің 97-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасады. Оны жеңсе, жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын негізгі турнирге жолдама алады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирде аргентиналық, рейтингте 80-орындағы Гвидо Андреоццимен кортқа шығады.
Әйелдер арасында Майами турнирінде іріктеу сайысының жартылай финалында қазақстандық, әлемнің 92-ракеткасы Зарина Дияс, өкінішке қарай, Польша елінің өкілі, рейтингте 121-орындағы Ига Свёнтектен жеңіліп қалды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты негізгі турнирден бастап, алғашқы айналымда бельгиялық, рейтингте 56-орында тұрған Кирстен Флипкенспен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Финикс турнирінің финалында есе жіберген еді.
Comments are closed.