АСТАНА.ҚазАқпарат — Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV телеарнасының «PhantaCity» жаңа музыкалық телешоуында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз бұл жобада «Restart My Love» әнін шырқайды.
Айта кетейік, «PhantaCity» — бұл 12 кезеңнен тұратын музыкалық телешоу. Жобаның әр кезеңінде 4 әнші және кино актері орындаушы ретінде шақырылып, 32 күн дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Өнерпаздар 4 түсірілім тобымен бірге 8 минуттық қысқа музыкалық бейнебаян жасайды. Түсірілім барысы көрермендерге тікелей экраннан көрсетіліп, ән жанды дауыста орындалады. Әнші әнді орындаумен қатар, сценарий бойынша актерлік шеберлігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, әр орындаушы үшін тек бір рет ғана өнер көрсету мұмкіндігі берілген.
Comments are closed.