Жуалы ауданының әкімі этнос өкілдерімен кездесті
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза этнос өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты. Ондағы мақсат – аудан халқының өзара бірлігі мен ынтымағын арттырып, сол арқылы өңірдің гүлденуіне жол ашу. Сонымен қатар, жас буынды ата-бабалардың ақ жолымен адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа, тиісінше, сол арқылы адал еңбекке тәрбиелеу.
Қасиетті Жуалы өңірі көпұлтты аудан болып саналады. Жалпы, ауданымызда 54 мыңға жуық адам тұратын болса, оның 10%-ын, яғни 5 (бес) мыңнан астамы этнос өкілдері құрайды.
«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-ның Жуалы аудандық бөлімшесінің директоры Шора Ысқақов аудандағы қандас бауырлардың тыныс-тіршілігін кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ, кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев пен аудандық билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметов сөз сөйлеп, аудан халқының береке-бірлігін арттыруға, жастардың тәрбиесіне бағытталып атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Жуалы ауданының баспасөз қызметі
Comments are closed.