- Advertisement -

Таразда 8 шағын футбол алаңдарын салу қажеттілігі бар

332

- Advertisement -

Таразда жетінші шақырылған қалалық мәслихатының білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспары бойынша отырыс өтті.
Күн тәртібінде Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы О.В. Борисюктің есебі тыңдалды.

Бүгінде қалада 646 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның 502-сі мемлекеттік, 144-і жеке меншік, 343-і білім беру мекемелерінде орналасқан. Бұл жалпы спорт нысандарының 53,1% құрайды.
Қалада бұқаралық және кәсіби спорт түрлерімен айналысу үшін облыстық бюджеттен қаржыландыратын 18 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын жұмыс істейді.

Бүгінде спорттың 60 түрі, оның ішінде 23 олимпиадалық, 26 олимпиадалық емес және 11 ұлттық спорт түрі қамтылған.

Шешімін табуды көздейтін мәселелер де жоқ емес. Тұрғындардың өтініштері негізінде 8 шағын футбол алаңдарын салу қажеттілігі бар.

 

                                                                                                                                            Ләззат Қызылғұлова                                                                                                   Ә. Бөкейханов атындағы № 1 гимназиясының директоры

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support