Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Ол қыркүйектің соңында рингке оралады. Батыр АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Жүкембаев тамыздың басында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанады.
«Қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әзірше рингке кімге қарсы шығатыным белгісіз, бірақ қарсыласым жоғары деңгейден болады», — деді Жүкембаев.
Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін биыл қаңтарда өткізіп, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) жеңген еді. Қазақстандық боксшы жекпе-жегінің бәрін Канадада өткізген.
Comments are closed.