- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

54

- Advertisement -

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

— Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің жасыңда, ең бастысы, жақсы оқып, білім алу. Еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңа сенімдімін. Сендерге бақыт тілеймін, — деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

Орта сыныптың 40 оқушысы үшін «Ақорда» резиденциясында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бүкіл еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар, экскурсия барысында Елбасының тұлғалық қырына және оның тарихтағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support