- Advertisement -

Қуат Әуесбай – халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы

102

- Advertisement -

Әулиеатаның тумасы, жас журналист Қуат Әуесбай халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Жаңа басшыны газет ұжымына «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры Ләззат Танысбай таныстырды.
Қызмет жолын «Ана тілі» газетінің тілшісі болып бастаған Қ.Әуесбай әр жылдары «Қазақстан-Заман» және «Айқын» газеттерінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі МемжерҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі – «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Кейінгі жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығында, Ұлттық музейдің Бұқарамен байланыс бөлімінің меңгерушісі, «Еуразиялық Топ» ЖШС Сыртқы корпоративтік коммуникациялар бөлімінің сарапшысы, «Astana News» ЖШС-ның директоры, «Атырау ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің Директор-Бас редакторы, елімізде тұңғыш латын қарпімен шығатын «Til Qazyna» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Қ.Әуесбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің – журналистика факультетінің түлегі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің магистратурасын бітірген. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

«Aq jol» газетінің ұжымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support