- Advertisement -

«Дулати жастары» – жеңіс төрінде

145

- Advertisement -

Облыстық қазақ драма театрында «Театр.kz» атты облыстық халық театрларының фестивалі өтті. Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестивалдің ашылу салтанатында Жуалы ауданының «Жуалы» халықтық театры Бақыт Беделханның «Тағдыр тақтасы» атты поэтикалық драмасын сахналады. Бұл қойылым Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері Асанәлі Әшімовтің өміріне арналған.
Фестиваль пародия, этюд, монолог, мимика талаптары бойынша өтті. Негізгі бөлім жуалылық «Мыңбұлақ» театрының өнерімен ашылды. Аталған театрдың «Күлпашқа» деп аталатын пародиясы сәтті шықса, Ербол Бекжановтың монологі да ел назарын аударды. Шу ауданындағы «Шу» халықтық театрының актері Мақсат Мақсұттың дирижер рөліндегі мимикасы да жоғары бағаланды.
Фестиваль барысында Сарысу ауданының «Сарысу», Т.Рысқұлов ауданының Басқар Битанов атындағы, Тараз қаласының «Дулати» жастар театрлары жақсы дайындықпен келгендерін байқатты. Меркілік «Меркі» театрының актері Гүлнұр Нұрлыбаева бір өзі барлық жанрда ойнап шықты. Оның белгілі әншілерге жасаған пародиясы көңілге қонды.
Қазылар алқасының шешімімен Тараз қаласының «Дулати» жастар театры бірінші орынға ие болса, екінші жүлдеге «Сарысу» театры лайық деп танылды. Т.Рысқұлов ауданының Басқар Битанов атындағы халықтық театры үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ «Үздік пародия» аталымына «Шу қағаны» театрының актері Айдар Баетов, «Үздік этюд» аталымына тараздық «Жансарай» театрының актері Әділет Әбдіқадір, «Үздік монолог» аталымына «Мыңбұлақ» тетарының актері Ербол Бекжанов, «Үздік мимика» аталымына «Шу» театрының актері Мақсат Мақсұт ие болды. Жеңімпаздарды және жүлдегер театрларды Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі Ерлан Әуесбаев, облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов бастаған өзге де азаматтар марапаттап, оларға диплом және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Есет ДОСАЛЫ

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support