Жамбылда жағдаят тық орталық құрылады

Жамбылда жағдаят тық орталық құрылады
ашық дереккөз
Жамбылда жағдаят тық орталық құрылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3 D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын» деген болатын. Президент тапсырмасы негізінде әзірленген бағдарлама өз жемісін беріп жатқаны анық. Оны күнделікті өмірде де көріп, біліп жүрміз. Нәтижесінде өңірлерде де цифрландыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп отыр. Бұл іске барлық сала жұмылдырылған. Оң нәтиже де жоқ емес. Өңірімізде алдағы уақытта «жағдаяттық орталық» құрылатын болады. Ол жұмыс та нәтижесін береді деген ойдамыз. Біздің облыс «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша пилоттық аймақ болып табылады. Жыл басынан бері қаламыздың кіреберіс жерлерінде және заңды тұлғаларда 467 бейнебақылау камерасы орнатылған болатын. Жыл соңына дейін қосымша 602 камерамен жабдықталады деп күтілуде. Жол полициясы экипаждары, жедел жәрдем бригадалары және Тараз қаласының өрт сөндіру қызметтері 100 пайыз планшеттермен жарақтандырылады. Тиісінше көзделген нәтижеге қол жеткізіледі. Әуелде жоспарланғандай бұл қызметтерді (101,102,103,104,112) біріктіретін «112 дипетчерлік Бірыңғай кезекшілік қызметі» жобасы екені белгілі. Сол жоба аясында тиісті жұмыс жүзеге асырылады және жыл соңына дейін қажетті дүниелер енгізіледі деп жоспарлануда. Бірінші жартыжылдықта 109 «I – KOMEK» қызметі іске асырылады (апаттық қызмет және халықтың шағымдарын нақты уақыт режімінде қарау) және кейіннен әкімдіктің бірыңғай ахуалдық орталығы құрылмақ. Көзделген нәтижелерге қол жеткізу мақсатында 2019 жылы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығын жаңғырту жүзеге асырылады және тұлғаларды тану жүйесі енгізіледі. Жалпы алғанда бұл жұмыстардың барлығы тиісті деңгейде орындалып жатқаны аян. Алдағы уақытта да жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу жауапты тұлғалардың назарында болмақ.

Тараз қаласы.

Табиғат Абаилдаев

Ұқсас жаңалықтар