- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының жолдарын сынға алды

111

- Advertisement -

 

Президенттің сапары бір күнге жоспарланғандықтан жұмыс кестесі бүгін өте тығыз. Бірнеше сағаттың ішінде ондаған нысанда болып өңірде істеліп жатқан шаруаны өз көзімен көрді.

Сурет : www.arnapress.kz24 Тамыз 2018, 09:11

Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің миллиардтары жұмсалған мемлекеттік бағдарламалардың Атырау облысында қалай орындалып жатқанын жеке өзі тексеруге келді. Бүгін мұнайлы өңірге жұмыс сапарымен барған президент бірқатар нысандарды аралап, өндіріс қарқынымен танысты. «Қара алтынға» бай аймақ мұнай мен газға тәуелді болмай баламалы экономикаға көшу үшін бірқатар ауқымды жобаларды қолға алыпты. Бұл туралы zakon.kzКТКтелеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

— Иә, негізі президенттің қандай да болмасын аймаққа ат басын бұруы облыс әкімі үшін үлкен абырой. Мемлекеттік бағдарламаларды қалай орындап жатқанын тікелей мемлекет басшысына түсіндіріп тағы нақты тапсырмалар алады. Сондықтан мұнайлы өңірдің басшысы Нұрлан Ноғаев та бүгін өзін жақсы жағынан көрсетуге барынша тырысты.

Елбасының облыстарға сапарының ұтымды тұстары көп. Мәселен, мәртебелі мейманның келуі қарсаңында Атырау түрленіп шыға келді. Жолдар жаппай жөнделіп айнала гүлдің небір түрімен көмкерілген. Әсіресе , президент кортежі жүретін көшелер жалтырап жатыр. Ал президенттің жұмыс сапары ұшақтан түсе сала басталып кетті. Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев индустриалды аймақта орналасқан макарон мен нан өнімдерін шығаратын зауытқа барды.

-Нан да макарон өзіміздікі, сүт өзіміздікі . Нұрсұлтан Әбішұлы бәрі отандық өнім. Жұмыс жүріп жатыр. Мемлекеттің қолдауын сезініп отырмыз.

Бұл көпсалалы кәсіпорын наннан бөлек,балық өндірісін де жақсы жолға қойған.

-Балық жайында экспортқа шығарамыз. 40 пайызын. Нұрсұлтан Әбішұлы мынау шортан.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұдан басқа Елбасыға бірнеше ауқымды инвестициялық жобаларымен таныстырды. Сондай мұнай шығаратын компанияның жұмысшыларымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Адам баласы өмірінде бірнеше мамандықты игеруі керек. Үйреніп тәжіибе жинай беруі керек қой. Жұмыс бар, жалақы бар. Жұмыс берушілерің жағдайларыңды жасап отыр.

-Президенттің сапары бір күнге жоспарланғандықтан жұмыс кестесі бүгін өте тығыз. Бірнеше сағаттың ішінде ондаған нысанда болып өңірде істеліп жатқан шаруаны өз көзімен көрді. Елбасы жеткен жетістіктерін тізбелеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасына жақсы деген баға бергенімен бірқатар түйткілді атап өтті. Алдымен сынға алғаны жолдың жайы. Сондықтан енді ғана көршілес облыстармен басталған жол құрылысын тездетіп, тұрғындарды жол азабынан құтқаруға тапсырма берді. Сонымен қатар мұнайға тәуелділіктен арылу үшін өңдеу саласын дамыту керектігін қадап айтты.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support