- Advertisement -

Ауғанстанның шығысында жүзден астам адам қаза болды

163

- Advertisement -

Ауғанстанның шығысында талибтермен соғыста 100-ден астам адам қаза тапқан.

“Елдің шығысындағы Газни провинциясында «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары мен Ауғанстанның қорғаныс күштері арасында қақтығыс болып, соның салдарынан 103 адам қаза тапқан, 133 адам жарақат алған” деп Ауғанстанның жергілікті арналары хабарлады.

Құрбандардың 90-ы — ауған солдаттары, қалған 13-і бейбіт тұрғын болған. Содырлар жағында да біраз адам өлген. Олардың саны әзірге, белгісіз.

Түрлі ақпарат көздері талибтердің қазір Газни қаласының басым бөлігіне иелік етіп отырғанын айтады. Қаладағы тек губернаторлық кешен мен бірқатар ғимараттарды ғана Ауғанстан әскерилерінің бақылауында.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, талибтермен қақтығыс жұма күні таңертең басталған. Жүздеген талибан өкілі Газни қаласына басып кіріп, ауған әскерилеріне қарайтын бөліктерді тартып алуға тырысқан. Қазір қала іші мен сыртында қақтығыстардың жалғасып жатқаны хабарланды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support