- Advertisement -

«Домалақ үстелге» келдік

164

- Advertisement -

Облыстық «ARAI» жастар газетінің жаңадан ашылған кезі. Облыс әкімдігіндегі үлкен жиындарға арайлықтар да шақырылады. Алайда есіктегі күзетшілер жаңадан ашылған газеттің қызметкерлерін тани бермей, көп тексеріп, ығырларын шығарады екен. Бір жолы «Арайдың» фото тілшісі Алтынбек Қартабаев жас тілшімен бірге әкімшілікке барады. Бұлар бір дөңгелек үстелге отырысына қатысулары керек. Өздері кешігіп барса, күзетшілер жібермей, уақытты ұстапты. Сонда күйіп кеткен Алтынбек Қартабаев:
– Жігіттер, біз «домалақ үстелге» келдік, жылдам өткізіп жіберіңіздерші, – депті. Содан күзетші: «Домалақ үстел… домалақ… домалақ»» деп түсінбей біраз тұрып:
– «Ә, «Домалақ» емес, «Дөңгелек үстел», «Дөңгелек үстелге» келдіңіз, – депті де Алтекеңдерді ішке өткізіп жіберіпті. Алайда артынан «Домалақ үстел… Домалақ» деп ішін басып, домалап ұзақ күлген екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support