- Advertisement -

Тіл үшін күрес ұлтараздықты қоздыру емес!

139

- Advertisement -

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына

…Ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау деймін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса солай қорлай беруге ұялмайды.

Ғабит МҮСІРЕПОВ

Соңғы уақытта орыстілді қоғамда мемлекеттік тілдің мерейі үшін күресетіндерді құр байбалам салып қасақана ұлтараздықты қоздырып жүргендер ретінде көрсету белең алып тұрғаны жасырын емес. Осы орайда мүмкін бізге де Балтық жағалауының елдеріндегідей «Тіл полициясы» деген құзырлы мекеме керек шығар деген ой келеді. Олар қоғамдық орындарда орысша сөйлеген адамдарды ұстап алып, айыппұл салумен айналысады.

Мемлекеттік тілдің мерейі үстем болуы үшін әрқайсысымыз жүрген жерімізде ана тіліміздің мәртебесін талап етуіміз қажет. Көп жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарына барғанда құжаттың қай тілде жазылғанына аса бас ауыртпай тезірек құжаттарға тиісті қолымызды қойып, жұмысымызды аяқтап кетуге асығамыз. Ондағы мәтіндердің қай тілде көрсетілгеніне мән беріп қарайтындар қатары сирек. Қарасақ та, Ата заңымызда көрсетілген мемлекеттік тіліміздің мәртебесін қорғауға келгенде ынжықтық танытамыз. Егер бізде де «Тіл полициясы» құрылып жұмыс істеп, ана тілінің кең қанат жаюына тосқауыл қойып жүргендерді тізгіндеп айыппұл салумен айналысып жүрсе «аузын айға білегендер» «айылын жияр» еді. Тым болмаса бұқаралық ақпарат құралдарында тіл сақшысының қызметін атқаратын арнайы айдарлар, бағдарламалар ашып, айғақтармен айқайлатып «тайға таңба басқандай» беріп отырсақ деген ұсынысым бар. Ол өзге тілде қызмет көрсету,  көшедегі жарнамалар, шетелден келетін тауар сыртындағы жазулар, отандық өнімдердің жапсырмаларындағы қате жазулар болсын. Мұның барлығы ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен тіл тазалығы осындай күнделікті қолданыстағы тіл тазалығынан басталатынын ұмытпайық!

Шынар САҒИЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support