- Advertisement -

Заңды білу — заман талабы

153

- Advertisement -

Жуырда ғана жарық көрген Елбасының «Төртінші революциялық дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналатынын атап өткені белгілі.

Бұл орайда облыс әкімі А.Мырзахметов басқармаға облыс аумағында үй-үйді аралау барысында анықталған міндетті зейнетақы жарнасы жоқ жалдамалы жұмысшылармен, яғни еңбек қатынастары заңдастырылмаған тұлғалармен жұмыс атқаруды тапсырған болатын. Бүгінде басқармада өңір басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар шаралар қабылданып, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
Атап айтар болсақ, аталған жұмыстарды нәтижелі ұйымдастыру мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков төрағалық ететін, құрамына тиісті құзырлы мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтар ұйымдарының өкілдері енгізілген облыстық штаб құрылды.
Мұндай штабтар мен жұмысшы топтары Тараз қаласы мен аудандарда да құрылып, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын заңдастыру бағытында жұмыстар жүргізуде.
Одан бөлек, басқарма қызметкерлері аудандарда және Тараз қаласында еңбек қатынастарын заңдастыру мәселесіне қатысты семинар-тренингтер өткізіп, мемлекеттік еңбек инспекторлары аудандарда елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес жұмыскерлер мен жұмыс берушілермен кездесулер өткізіп, жеке қабылдауға келген әр азаматқа еңбек заңнамасын түсіндіруде.
Біз облыстағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп осы аталған бағыттағы жұмыстарды ақпараттық кеңістікте жариялап, насихаттау үшін әріптестік туралы меморандумдарға қол қойдық.
Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үй-үйді аралау барысында анықталған 63828 міндетті зейнетақысы жоқ жалдамалы жұмысшылардың еңбек қатынастарын заңдастыру барысында жоспарлы жұмыстар жүргізіп, 20 сәуірге дейін 11942 жұмыскердің еңбек қатынастарын заңдастырып, өзектендірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Осы орайда жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес маман еңбек шарттарын жасасқаннан кейін жұмысқа жіберілетінін еске салғымыз келеді. Ал Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберген лауазымды адамдарға – 30, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.
Еңбек қатынастарын заңдастыру арқылы еңбек адамдары бірінші кезекте өзін әлеуметтік бағытта қамсыздандыратыны белгілі. Мәселен, қазіргі уақытта зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған. Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алады. Яғни еңбек шартын жасамай еңбектеніп жүрген тұлғалардың ай сайынғы міндетті зейнетақы жарнасы аударылмаған жағдайда еңбек өтілі де есепке алынбайды.
Осы айтылғандарды ескере отырып, бүгінгі таңда еңбек шартын жасамай еңбек етіп жүрген азаматтарды бармақ басты, көз қыстыға жол бермей, өзінің еңбек қатынастарын заңдастыруға және жұмыс беруші еңбек шартын жасаудан бас тартқан жағдайда, басқармаға өтінішпен қайырылуға шақырамыз.

Ернар ЕСІРКЕПОВ,
облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support