- Advertisement -

Кесеқап

283

- Advertisement -

Cуреттегі кесеқап – облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды этнографиялық бұйымдардың бірі әрі ерекшесі. Бұл ХХ ғасырға жатады.
Сақталуы: тұтқасы жоғалған, мата қабатының жоғарғы жағы бұзылған. Өлшемдері: диаметрі – 19 см, биіктігі – 29 см, салмағы – 500 г. Пішіні – цилиндрлік, ішкі бөлігі – киізден, сыртқы жағы қара барқыттан жасалған. Оюы үш бөліктен тұрады: орталық бөлігіндегі гүлдер мен бұталар кескіні көк, сары, қызыл және ашық-қоңыр түсті, жібек жіптерімен дөңгелек тігістері бейнеленген. Төменгі және жоғарғы сегменттер гүлді оюмен безендірілген. Жоғарғы және төменгі жиектер қызыл және қара түсті матамен қапталған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support