- Advertisement -

Қарт журналиспен жүздесті

360

- Advertisement -

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, облыстың Құрметті азаматы, белгілі журналист Баттал Жаңабайұлы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. «Филология және журналистика» кафедрасы ұйымдастырған шараға өңіріміздегі белгілі қаламгерлер, ғалым-профессорлар, ардагерлер және журналистика, филология мамандықтарын оқып жүрген студенттер жиналды.

Кездесуде алғаш сөз алған жазушы-драматург Елен Әлімжан Баттал Жаңабайұлының облыстық бұрынғы «Еңбек туы» газетін (қазіргі «Aq jol» газеті) 21 жыл бойы басқарғандағы редакторлық қызметіне, облыстық партия комитетінің де, журналистердің де, оқырманның да көңілінен шыққан шеберлігіне, кадр таңдаудағы талғампаздығына тоқталып өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев 90 жасқа сергек жеткен қарт журналистің ардагерлер арасындағы беделіне, әлі де қоғамдық жұмыстарға белсене араласатынына тоқталып, отбасына жақсылық тіледі. Кейін облыстық «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов, «Аq jol» газетінің директор-бас редакторы Қуат Әуесбай, журналист Мақұлбек Малдарбек сөз сөйлеп, өз кезеңінде ғажап редактор болған ардагердің парасатты жолы өздеріне үлгі екенін айтып, ақсақалға жылы лебіздерін білдірді.
ТарМУ-дың студенттері Венера Ынтықбай мен Шапағат Әбдір ардагер қаламгерге өлең арнады. Содан соң студенттер 90 жасында орталарында отырған абыз ақсақалға сұрақтарын қойды. Оларды Баттал Жаңабайұлының «Жақсы адамдар шуағы» кітабының қалай жазылғаны, ұзақ жылғы редактор болған кезіндегі облыстық бас газеттің беделі қандай болғаны қызықтырады екен. Мерейтой иесі бұл сауалдарға жан-жақты жауап берді. «Асанбай Асқаровтың қолдауымен Орталық комитетке жіберіліп, Дінмұхамед Қонаевтың батасын алғанын әсерлі баяндап берді. Сондай-ақ Баттал Жаңабайұлы болашақ журналистерге ақ батасын беріп, жастардың болашағына сәттілік тіледі. Жиынды «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Көпбаева қорытындылап, ардагер журналист Баттал Жаңабай­ұлына оқытушылар мен студент­тер атынан алғысын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support