- Advertisement -

Электронды қолтаңба қызметтерді үйден пайдалануға мүмкіндік береді 

167

- Advertisement -

Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталығына бармастан электронды қызметтерді пайдалану мүмкіндігі едәуір артып келеді. Ол үшін электронды қолтаңба алып, мобильды үкіметке тіркелу керек. Әрі қарай қалаған қызметті үйде отырып, ғаламтор мен ұялы телефонның көмегімен алуға болады. Қазір цифрландыру бағдарламасы аясында 30 қызмет электронды жүйеге көшірілген. Мәселен, баланың туу туралы куәлігін алу, бір реттік және ай сайын берілетін әлеуметтік төлем. Ал балабақша кезегіне тұру үшін смс-хабарлама жіберсе жеткілікті. Тиісті құжаттар Қазпочта арқылы үйге жеткізіп беріледі. Айта кетейік, өткен жылы халыққа 37 млн қызмет көрсетілген. Оның 24 миллионы электронды жүйе арқылы жүзеге асырылған. Мұндай жеңілдікті азаматтардың 85 пайызы қолдап, жоғары бағалап отыр.

Алмагүл Атағарова, Алматы қ. Медеу аудандық №2 ХҚО бөлімінің басшысы: 

— Азамат өзіне бір рет электронды сандық қолтаңба алады, бір реттік мобильдік үкіметке тіркеледі. Үкіметке тіркелгеннен кейін ХҚО-на келмей-ақ барлық қызметтерді үйде отырып алуға мүмкіндік туып отыр.

Дереккөз:24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support