- Advertisement -

Қазақстан мен Жапония әскери ынтымақтастық жоспарын талқылады

140

- Advertisement -

Әскери ынтымақтастық аясында Жапония қорғаныс министрлігінің делегациясы Қазақстан Республикасына келді. Әскери делегацияны Жапония қорғаныс министрлігінің әлеуетті дамыту департаментінің басшысы Томоки Мацуо басқарды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен кездесуде тараптар Қазақстан Республикасы мен Жапонияның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2018 жылға дейінгі екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады. Сапар барысында Жапония делегациясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери госпиталінде болып, ондағы құрылыммен, материалдық-техникалық базамен, күнделікті іс-шаралармен және практикалық жұмыстармен танысты.

Дереккөз: baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support