- Advertisement -

Наурыз мейрамы жаңаша тойланады

26

- Advertisement -

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев биылдан бастап Наурыз мейрамының қарсаңында оның мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылып отырғанын айтты.

Наурызнама онкүндігі:

14 наурыз күні – Көрісу күні — Амал мерекесі тойланады
15 наурыз – Қайырымдылық күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17 наурыз – Шаңырақ күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз – Ынтымақ күні
22 наурыз – Жыл басы

Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

 

Сурет qazaqstan.tv алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support