- Advertisement -

«Ақ желкеннің» жігерлі жастарымыз

121

- Advertisement -

Зайнутдин МАХУСЕЕВ,
«Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы

Бірлік, ынтымақ, достық. Бүгінде бұл сөздер барша қазақстандықтардың ұстанымына айналған десек, қателеспейміз. Біз – жастар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халықтың бірлігі – біздің барлық жетістіктеріміздің кілті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік» деген сөзін санамыздан шығарған емеспіз.
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Аталған қоғамдық институт қаншама ұлт өкілдерінің басын қосты. Тәуелсіз елімізбен бірге даму жолынан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Соның арқасында еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың бірден-бір іргелі институтына айналды.
Ширек ғасырдан астам тарихында еліміз қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оған осында мекен етіп жатқан түрлі ұлттардың да қосқан үлесі бар. Өйткені біз әу бастан туған елімізге борыштар екенімізді сезініп, оның өсіп, өркендеуі жолында аянбай еңбек етуді мақсат тұттық. Мұнда әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетіліп, жұмысының алға басуына қолдаулар жасалып отырады. Жамбылдықтар да бізге бауырындай қарап, жомарттық пейілін тарылтқан емес. Сол үшін де қазақ халқына ризамыз.
Біз татулық темірқазығына айналған Қазақстанның патриоттары елді көркейту жолында аянбай еңбек етуге барымызды салудамыз. Бұл орайда өзім басқарып отырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының бірі – «Ақ желкен» жастар лигасы нағыз патриоттарды біріктіретінін мақтанышпен айта аламын. Қазақстандық патриотизм – көп ұлтты және көп конфессиялы қоғам табысының негізі. «Ақ желкен» жастар лигасының кеңесіне облыстағы он мыңнан астам этнобірлестіктің жас қанаттарының төрағалары кіріп отыр. Жастар лигасы көшбасшыларының әрқайсысы елде бейбітшілік пен келісімді орнатуға елеулі үлесін қосатынын жеткізгім келеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support