- Advertisement -

Бейнелеу өнерінің берені

185

- Advertisement -

Мұхамед-Омар Паншаев шеберлік сабағын өткізді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамед-Омар Паншаевтың оқытушылар мен жас суретшілерге арналған «Ежелгі Тараз – суретші-педагог көзімен» атты шеберлік сабағы өтті.
Суретші Жамбыл өңірінде өмірге келген, сондықтан бұл шара – оның өскен өлкесіне, туған жеріне деген құрметі, перзенттік ықыласы. Ол қазіргі таңда Қытайдың Ланьчжоу қаласындағы Солтүстік Шығыс университеті ғалымдарымен бірге ортақ ғылыми-шығармашылық жобаларды іске асыруда. ТарМПУ-дың «Баласағұн» атындағы музейінде өткен шараны оқу ордасының ректоры Дария Қожамжарова сөз сөйлеп ашып, суретшінің шығармашылықтағы табыстарына тоқталып, оның еңбектері студенттерге үлгі екенін айтты. Мұнан соң суретшілер Николай Денисов пен Мұхтар Егізеков сөз алып, М.Паншаевтың бейнелеу өнері әлеміндегі ерекшелігін тілге тиек етті. Кейіннен көпшілік қылқалам шеберінің сурет көрмесін тамашалап, шығармашылық жұмыстарынан хабардар болды. Әсіресе, тарихи Тараздың ғажайыптарын суреттеуге арналған туындылары көрерменін бейжай қалдырмады. Бұдан кейін суретші университет оқытушылары мен студенттеріне арнап шеберлік сабағын өткізді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support