- Advertisement -

Ұлан Қонысбаев «Ақтөбе» футбол клубына ауысты

123

- Advertisement -

«Ақтөбе» футбол клубы өзінің ресми сайты арқылы 20 футболшымен келісімшартқа отырғандығын жариялады. Олардың арасында Ұлан Қонысбаев та бар. 2016 жылы маусым айында Қытай құрамасымен өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған футболшымыз, бұйыртса, биыл «Ақтөбенің» намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ «Ақтөбе» жанкүйерлеріне жақсы таныс Маркос Пизелли де қайтып келіпті. «Ақтөбе» үшінші оқу-жаттығу жиынында «Calista» қонақ үйіне тұрақтаған болатын. Сол жерде Армения құрамасының намысын қорғайтын жартылай қорғаушымен де келісімшартқа отырыпты. 33 жастағы Пизелли 2014 және 2015 жылдары ақтөбеліктердің белді ойыншыларының бірі болған. Қазақстан премьер-лигасында 50-ден астам ойын өткізіп, 13 гол соққан.

 

Дереккөзsportsffa.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support