- Advertisement -

Наурыздың лебі

108

- Advertisement -

көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Қыстың бітуіне бір күн ғана қалды. Наурыздың лебі де сезіле бастады. Нәсібін жерден теретін шаруа қауымы көктемгі дала жұмыстарына тастүйін дайындалатын кез қазір.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдігі арасындағы 2017-2021 жылдарға арналған меморандумға сәйкес, биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 602,7 гектарға орналастыру межеленіпті. Оның ішінде 255,5 мың гектарға – дәнді және бұршақты дақылдар, 6,5 мың гектарға – қант қызылшасы, 85,7 мың гектарға – майлы дақылдар, 37 мың гектарға – көкөніс-бақша дақылдары, 8,8 мың гектарға – картоп, 216,8 мың гектар алқапқа мал азығы дақылдарын тастау жоспарланған.
Алайда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 172,8 қант қызылшасы – 10, майлы дақылдар – 95,2, көкөніс-бақша дақылдары – 39,2, картоп – 8,9 және мал азығы дақылдары – 216,8 мың гектар алқапқа егілуі тиіс.
2018 жылдың өнімі үшін жаздық дақылдарға қажетті тұқым көлемі 52534,3 тоннаны құраса, оның 42009,4 тоннасы дайындалып, 81,4 пайызды құраған көрінеді. Сондай-ақ жаздық арпа дақылына қажетті 23959,4 тоннаның 22599,5 тоннасы дайындалып, 94,7 пайызды құраған. Басқа да дақылдардың тұқымын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатса керек.

Биыл егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін 047 бағдарлама бойынша 800 миллион теңге қарастырылып, 18,2 мың тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына енгізу жоспарлануда.
Қолдағы мәліметке сүйенсек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 8,7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылады деп күтілуде. 5121 трактордың 4097-і, яғни 80 пайызы дайындық cапына қойылса, соқаның – 79, тырманың – 80, қопсытқыштың – 76, дән сепкіштің – 79 және тұқым дәрілегіштің 80 пайызы көктемгі дала жұмыстарына дайын көрінеді.
Биыл Үкімет тарапынан облысқа көктемгі дала жұмыстарына 15500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, оның 10000 тоннасы наурыз айына, мамырға – 2500 және маусымға 3000 тоннасы қаралған.
Үкіметтен де, облыс әкімдігі тарапынан да көктемгі егіс дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізуге қолдау да, көмек те беріліп жатыр. Ендігі жерде аудан әкімдері, ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары осындай мол мүмкіндікті пайдалана білуі керек. Диқан қауымының да есінен «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген қанатты сөз шықпаса дейміз.

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support