- Advertisement -

Ауылым – алтын бесігім

134

- Advertisement -

«Ең үздік ауылдық Мәдениет үйі,
клуб – 2017», «Театр.KZ» байқаулары өткізілді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ең үздік ауылдық Мәдениет үйі, клуб – 2017», «Театр.KZ» байқауларына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқау болды. Конкурс алдымен Жамбыл және Сарысу аудандарында өткізілді.
Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін байқаудың мақсаты Мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасының нығаюына ықпал ету, ауыл тұрғындарына талапқа сай үлгілі қызмет көрсетілуін және клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.
Жамбыл ауданынан бастау алған байқау әрі қарай Сарысу ауданында жалғасты. Қазылар алқасы Сарысу ауданы Жайылма ауылына келіп, ондағы Жайылма ауылдық клубының жұмысымен танысты. Клуб өнерпаздары жиналған жұртшылыққа «Алаштың Асанәлісі» атты Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған мазмұнды кеш ұсынды. Жоғарыда атап көрсетілген талаптар бойынша клубтың жұмысымен етене танысқан қазылар алқасы «Театр.KZ»
байқауының талабы бойынша Сарысу аудандық Мәдениет үйінде қазақ театр өнерінің асыл жауһары Қыз Жібек драмасынан үзіндіні тамашалады. Қойылымның мазмұны мен халықтық театр әртістерінің көрсеткен өнері хақында қазылар алқасының төрағасы ҚР мәдениет қайраткері Ерлан Сатыбалдыұлы пікір білдірді.
Дәстүрлі байқау ары қарай Талас, Байзақ және басқа да аудандарында жалғасын тапты. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support