- Advertisement -

Қордайлық тұлпар топ жарды

83

- Advertisement -

Астанадағы Қазыналы атшабарында Атырау облысының мәдени күндері аясында бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтті. Оны Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысының әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы  ұйымдастырды. Шабандоздар 5 шақырымдық жорға жарысы,  7 шақырымдық құнан бәйге, 21 шақырымдық аламан бәйге бойынша бәсекеге түсті. Жарыстың жүлде қоры да қомақты – 51 миллион 700 мың теңгені құрады.
Алғаш болып жарыс жолына 7 шақырымдық құнан бәйгеге қатысушы шабандоздар шықты. Бұл сында мәреге Қордай ауданынан қосылған ағылшын қара кері сәйгүлігі  бірінші болып келді. Шабандозы Ділмұхамед Жолаушының қуанышында шек болмады. Жанкүйерлердің қошеметін иеленген жеңімпазға ұйымдастырушылар жеті миллион теңгені табыстады.  Құнан бәйгесінде тағы бір жамбылдық шабандоз Азат Әбиір мәреге төртінші боп келіп, бір миллион теңгені олжалады.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support