- Advertisement -

Универсиадада 5 медаль еншілеген шаңғышы ару Анна Шевченкоға екі бөлмелі пәтер берілді — Павлодар

90

- Advertisement -

Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарының бес мәрте жүлдегері атанған шаңғышы Анна Шевченкоға Павлодар облысының әкімі жас спортшылармен кездесу кезінде екі бөлмелі пәтердің сертфикатын табыстады.

«Біз сіздің әрбір жарысыңызды қарап, жанкүйер болдық. Қазақстан құрамасының қоржынына бес бірдей медаль сыйлап, бәрімізді қуанышқа бөлегеніңізге рахмет. Тығыз дайындық жұмыстарына қарамастан, уақыт бөліп келгеніңіз үшін де алғыс білдіремін», — деді Болат Бақауов. Анна Шевченко пәтер алу өзінің арманы екенін айтты.    «Бүгін тағы бір арманым орындалды. Маған қолдау танытқаныңыз үшін рахмет. Алғашқы жүлдемді алған соң маған облыс әкімі хабарласып жатыр деп тұтқаны берген кезде, қалжың деп ойлаған едім. Дегенмен көңіл сүйсіндірерлік іс болды», — деді шаңғышы. Айта кетейік, XXVIII қысқы Универсиада ойындарында Павлодар облысынан 10 спортшы өңір намысын қорғап, 11 жүлде ұтып алды. Анна Шевченко үш қола, бір күміс және бір алтын медаль еншілеп, бір Универсиадада бес рет тұғырға шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support