Қызылорда облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тайындалды

Қызылорда облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тайындалды
ашық дереккөз
Қызылорда облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тайындалды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің жаңа кеңесшісі Болат Рамазановты таныстырды.

Болат Мінайдарұлы 1968 жылы туған. Мәскеу тау-кен институтын «тау-кен инженері» және Еуразиялық нарық институтын «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1990 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тау-кен ісі институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 1993-2014 жылдары жеке сектор мен ұлттық компанияларда жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2014 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін «Шалқия-Цинк ЛТД» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып келді. Болат Мінайдарұлы өңірге инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарымен айналысып, инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын болады.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар