- Advertisement -

Парақор полицейлердің Бір айдағы «табысы» – 90 миллион теңге болған

98

- Advertisement -

Облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің полицейі Р.Исаевқа және екі қызметкерге, сондай-а, ішкі істер департаментінің миграциялық полицияның төрт қызметкеріне өткен жылы пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жеке тасымалмен айналысатын жүргізуші «Қордай ауданының «Отар» шекара постының жол полиция қызметкерлері жол жүруге негізсіз бөгет болып, пара талап етеді» деп арызданған. Бюро қызметкерлері полицейдің арыз берушіден 3000 теңге көлемінде пара алып жатқанының үстінен түсіп, ІІД қызметкері Р. Исаевты ұстаған. Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы-Ташкент күре жолымен екі бағыт бойынша күніне 2 000 көлік (жүк, жолаушылар, бағыттық автобустар, жеке және өзге) өтетіні анықталды. Облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдық полиция қызметкерлері әр өткен сайын 1000-нан 10 мың теңгеге дейін пара алып отыратыны белгілі болды. Тергеу барысында олардың бір айдағы заңсыз тапқан табысының көлемі 90 миллион теңгені құрағаны анықталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support