- Advertisement -

Дубайда ұшатын автокөлік түрі таныстырылды (видео)

144

- Advertisement -

Дубайдың транспорт және жол басқармасы үкіметтік World Government Summit саммитінде “ұшатын автомобилді” таныстырды.

Қытайлық Ehang компаниясы құрастырған “автономды ұшу аппараты” жолаушыларды қысқа қашықтықтарға тасымалдайтын инновациялық және экологиялық транспорт түрі болып табылады.

Бұл көлік қызметін тұтыну үшін жолаушылар орнатылған навигациялық жүйе немесе сенсорлы экран арқылы керекті кездесу орынын тағайындай алады. Құрастырушылар ұшудың қауіпсіз болатынын айтып отыр. Көлік электр арқылы қозғалады. Ал ұшпаған кезде оның қанаттары жасырынып, сипаты кәдімгі көлікке ұқсап қалады.

Көліктің жүргізушісі болмайды. Оны жолаушылар ұшу және қону тетіктерін басқару арқылы жүргізе немесе ұшыра алады. Көлік қозғалысын бақылайтын жалпы командалық орталық ауа-райы құбылмалы кезде ұшуға тыйым салады. Әзірге жаңа ұшу аппаратының Дубайда нақты қашан іске қосылатыны белгісіз. World Government Summit форумы 14 ақпанға дейін созылады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support