- Advertisement -

Головкиннің Қазақстанда өткізетін жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

65

- Advertisement -

Латын америкалық ESPN басылымының тілшісі Фернандо Барбоза әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің уақытын хабарлады.

“GGG мен Сондерс кездесуі 10 маусым күні Қазақстанда өтеді. Головкин 18 наурыз күні Джейкобсқа қарсы шығатындықтан әлі ешкім ресми түрде растамады”, – деп жазады Барбоза.

Америкалық басылымдар Головкин мен Сондерс кездесуінің жазда Қазақстанда өтетіні туралы жыл басында да жариялаған еді. Жекпе-жек ЭКСПО көрмесі қарсаңында өткізілмек. Халықаралық көрменің баспасөз қызметі де боксшылар арасындағы келіссөзердің рас екенін айтты.

Сонымен қатар, британиялық боксшы да бұл туралы там-тұмдап мәлімдеген еді. Ол жекпе-жектің АҚШ-та да, өз елінде де емес, сыртта болатынын ескерткен.

Головкин Сондерспен жекпе-жекке шығу арқылы, WBO белбеуіне үміткер атанбақ. Бұған дейін Головкин-Джейкобс кездесуінің 18 наурызға бекітілгені хабарланған еді. Бокс кеші Нью-Йорк қаласында өтеді. Қазіргі таңда билет құны да анықталған. Ең төменгі билет бағасы 100 доллар болса, ең қымбаты – мың долларға дейін жетеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support