- Advertisement -

Bank of America қызметкерсіз бөлімше ашты

70

- Advertisement -

Bank of America қаңтар айында қызметкерлері жоқ, автоматтандырылған үш бөлімше ашқанын хабарлады.

Пейнстің айтуынша, мұндай офистерде клиенттер банкомат қызметімен қатар, кредит карталарына тапсырыс беріп, ипотека мен автокредит рәсімдей алады. Ал клиенттерге Bank of America-ның басқа бөлімшелеріндегі қызметкерлер видео арқылы көмектесетін болады.

Банк өкілінің айтуынша, қызметкерсіз кеңсе ашу банк шығындарын үнемдеу шарасының аясында жүріп жатыр. Пейнс Миннеаполис (Миннесота штаты) пен Денверде (Колорадо штаты) ашылған жаңа кеңселердің көлемі қызметкерлері бар қарапайым кеңсенің төрттен бірін қана құрайтынын хабарлады.

Бұған дейін, ресейлік Сбербанк 2017 жылы робот-заңгер 3 мың қызметкердің орнын басатынын мәлімдеген еді.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support