- Advertisement -

«Рола-Ян» — жаңа кәсіпорын

141

- Advertisement -

ол кеспенің 6 түрін шығарады

Байзақ ауданындағы Қызыл жұлдыз ауылы аумағында орналасқан «Рола-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аты бұл күнде еліміздің барлық өңірлеріне, тіпті бірқатар шетелдерге де танымал. 2008 жылы ашылған бұл кәсіпорын өзіндік даму жолына түсіп, желісін кеңге жая түсуде.
Серіктестік жанынан жаңадан «Рола-Ян» кәсіпорнының ашылуы соның бір айғағындай. Қытайлық инвестор Сяо Хонвейдің 288 миллион теңге инвестиция салуының нәтижесінде аталмыш кәсіпорын «DL-650X» қондырғысымен жарақтандырылып отыр. Осы заманауи технология алты түрлі ұзын кеспені жасап шығаруға мүмкіндік береді. Ол өзімізде өндірілетін ұн, тұз, жұмыртқа секілді отандық өнімдерден даярланады. Сондай-ақ, бұл кәсіпорынның аяғына тік тұрып кетуі үшін жергілікті кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Тұрсынбек Нұрбаев 610 миллион теңге қаражат жұмсапты.

170203-013

«Рола-Ян» кәсіпорнының тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке қатысып, көпшілікті жаңа жұмыс орнының ашылуымен құттықтады. «Жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы екі жаңғыру кезеңінен абыройлы өтіп, үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқанымызды айтып, Үкімет пен облыс басшыларына экономикалық дамудың жаңа модельдерін құруды тапсырды. Бұл жаңа жобалардың жүзеге асуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді. Өңірімізде таяу жылдарда 35 жоба жүзеге асып, 5500 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Ал биылдың өзінде 12 жоба жүзеге асуы тиіс. Міне, сол көзделген жобаның алғашқысы осы – «Рола-Ян» кәсіпорны болып отыр. Жаңа нысан құтты болсын. Осындағы басшылар мен жұмысшыларға табыс тілеймін!», – деді Тимур Амантайұлы.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке және «Рола-Ян» кәсіпорны директорының орынбасары Еркеқыз Бабанова жаңа нысанның лентасын қиып, шараға қатысушылар кәсіпорын ішін аралап, танысты. Еркеқыз Тоқтағұлқызының айтуынша, мұнда тәулігіне 30 тонна өнім өндіруге мүмкіндік бар. Әзірге күн сайын 25 тонна ұн кеспесі дайындалуда. Өнімдерге еліміздің барлық аймағынан және Ресей, Қытай, Өзбекстаннан да сұраныс бар екен. Тіпті, көршілес қырғыз бауырларымыз да бұл өнімді тұтынуға ықыласты. Кәсіпорынның болашағы өте зор.

Есет ДОСАЛЫ,

«Ақ жол».

Байзақ ауданы.

Суретті түсірген Виктор барбаш.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support