- Advertisement -

Алтын медаль саны сегізге жетті

73

- Advertisement -

Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада еліміз үшін ең табысты аламанға айналды. Бұған дейін жазғанымыздай Қазақстан құрамасы Испанияның Гранада қаласында өткен бүкіләлемдік қысқы студенттер додасында 5 алтын, бес күміс иеленіп, жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреген-ді.
Алматыда сол рекордтарға түзету енгізілді. Иә, елімізде ұйымдастырылған байрақты бәсекеде спортшыларымыз толайым табыстарға қол жеткізіп, жанкүйерлерді қуанышқа бөлеуде. Аспаннан алтын жауған күндерді өз көздерімен көрген жанкүйерлердің спортшыларымызға деген құрметі де, ізеті де ерекше. Алдағы нөмірлердің бірінде «Ақ жол» газеті ақ аламанда ұлттық құрамамыз жалпыкомандалық есепте 2-орын ала алады деп болжам жасаған еді. Шүкір, соған жақындап келеміз. Қазіргі таңда ұлттық құрама намысын қорғап жатқан саңлақтарымыз 8 алтын, 2 күміс, 8 қола жүлдені иемденіп, еліміздің спорт тарихында болмаған жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Әсіресе, осы жарыста екі дүркін чемпион атанып, қоржынымызға төрт алтын салған фристайл могул спортының шеберлері Юлшия Галышева мен Дмитрий Рейхердтердің толайым табысы көңілімізді тоғайтады. Жалпы, Юлия Галышева қысқы Универсиадаларда үш алтын алған мақтаулы спортшымыз екенін айта кеткен жөн. Бұл аламанда күтпеген алтынды шаңғышымыз Иван Люфт иеленіп отыр. Ол да үлкен жетістік!
Алматыдағы аламанда әлі де олжа салатын саңлақтарымыз баршылық. Сол өрендердің тұғырдың ең биік сатысынан көрінуіне тілектеспіз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support