- Advertisement -

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде жаңа комитет құрылады

138

- Advertisement -

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанында Туризм индустриясы комитеті құрылады. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР ИДМ Туризм индустриясы  департаментінің директоры Марат Иғали мәлім етті.

«2017 жылдың 1 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен туризм саласын дамытуға байланысты кеңес өтті. Министр Үкімет туризм бойынша өкілетті органның мәртебесін көтеру мен нығайту тұрғысында шешім қабылдағанын айтты. Жақын арада Мәдениет және спорт министрлігі жанында Туризм индустриясы комитеті құрылатын болады»,-деп жазды Иғали. Кеңес барысында 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту тұжырымдамасының жобасы таныстырылған. Кластерлік бағдарламаға елімізде алты кластер қамтылған: Астана қаласы («Еуразия жүрегі»), Алматы қаласы («Еркін мәдени аймақ»), Ақмола облысы («Табиғит пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы»), Шығыс Қазақстан облысы («Алтай інжуі»), Оңтүстік Қазақстан облысы («Жібек жолының жандануы»), Маңғыстау облысы («Кендірлі» Каспий қақпасы). Жиын барысында А. Мұхамедиұлы отандық туристік қауымдастықтарды 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының  Туризмді дамыту тұжырымдамасының жаңаруына белсенді түрде қатысуға шақырды. «Қазіргі кезде аталған тұжырымдаманы жаңарту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ниет білдіргендер өздерінің ұсыныстарын s.kulsharipov@mid.gov.kz электронды поштасына бағыттай    алады»,-деп жазды М. Иғали.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support