- Advertisement -

Әлемде қанша қазақ бар?

109

- Advertisement -

Ғаламторды ақтарып отырып мына бір деректі көзім шалып қалды. Қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Дегенмен, қарап шығыңыз, бұл мәліметтер сіздерді де қызықтырады деген ойдамын.

Бүкіл әлемде 17,500,000 аса Қазақ бар…

Ең көп таралған елдер

1) Қазақстан 11,385,000

2) Өзбекстан 2,500,000

3) Қытай 2,200,000

4) Ресей 1,310,000

5) Моңғолия 145,000

6) Түрікменстан 120,000

7) Қырғызстан 45,000

8) Түркия 30,000

9) Ауғанстан 30,000

10) Германия 17,000

11) Иран 11,000

12) Тәжікстан 10,000

13) АҚШ 10,000

14) Украина 6,000

15) Пәкістан 5,000

16) Канада 5,000

17) Әзірбайжан 3,000

18) Грузия 3,000

19) Молдова 3,000

20) Ұлыбритания 2,000

21) Сауд Арабиясы 2,000

22) Франция 2,000

23) Литва 2,000

24) Беларусь Республикасы 1,500

25) Армения 1,000

26) Эстония 1,000

27)Египет (Мысыр) 1,000

28)Аргентина 1,000

Әлемнiң 55 елiнде 17,5 млн. қазақ бар (18.10.2014).
Қарап отырғандарыңыздай бұл 2014 жылғы мәлімет екен. Одан бері үш жыл өткенін ескерсек, құдай қаласа қазақтардың саны 20 млн-ға жетіп қалған шығар. Бұл ресми деректер ғана. Шын мәнінде әлемде қанша қазақ барын ешкім білмейді. Кеңес өкіметі құрылар кезде қаншама бауырымыз шекара асып кетті. ХХ ғасырдың басына дейін біздің жер болып келген біраз аймағымыз көршілес мемлекеттерге өтіп кетті. Мәселен, Ресейге Орынбор, Өзбекстанға Ташкент, ал, Қытайға бүтін бір Шығыс Түркістанның көлемді бөлігі берілді. Ол жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтар байырғы ата-бабаларының елінде қалды. Өзінің кіндік қаны тамған, анасы ұл-қызын өсірген, әкесі атамекенін жаудан қорғаған жерде жүр. Бұл аймақтарда тіркелген қазақ пен санақ кезінде есепке алынбаған бауырларымыз болуы да ғажап емес. Тіпті, Өзбекстанда төлқұжаты бойынша өзбек болып жүрген қандастарымыздың да бар екені белгілі. Несін жасырамыз Қытай, Моңғолия, Қырғызстан секілді қазақтар көп шоғырланған аймақтарда да Өзбекстандағы жағдайдың қайталануы да мүмкін ғой. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, қазір әлемдегі қазақтардың саны 50 миллионға жуық көрінеді. Лайым солай болсын.

Өткен жылы елімізге арнайы іс-сапармен келген Түркияның сол кездегі премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы түрік пен қазақты туыс, қаны да, жаны да бір ұлыстар ретінде бейнелеп «Түркияда мені қосқанда 78 миллион 600 мың қазақ бар» – деп ағынан жарылған еді. Осымен қосқанда әлемдегі қазақтардың саны 130 миллионға жуықтап қалады.

Біз күшті болуымыз керек, күшті болу үшін көп болуымыз қажет. «Көп қорқытады, терең батырады», – деген сөзді ұмытпағанымыз жөн. Уа, Аллам, қазақтардың санын қытайлардан кем қылма.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support