- Advertisement -

Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті

83

- Advertisement -

Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті.

Бесінші алтынды 79.94 ұпаймен фристайлшы Дмитрий Рейхерд алды. Ал, ресейлік Сергей Шимбуев күміс жүлдені 79.11 ұпаймен олжалады. Қола жүлде тағы бір қазақстандық Павел Колмаковтың еншісінде қалды.

Қазақстандық Юлия Галышева қазақстан құрамасына фристайлдан алғашқы алтын медалді әкелді.

“Могул” жарысында Галышева 73,80 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік Анастасия Первушина 61,13 ұпаймен, үшінші орынды Австрия спортшысы Катарина Рамзер 52,05 ұпаймен иеленді.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен байыған еді, биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық жарыста топ жарған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support