- Advertisement -

Сүйісу жарысы

127

- Advertisement -

Таусылмайтын шіркіні,

Бір жас жігіт достарына жетіп келді бір күні,

«Сүйісуден жарыс болады,
Біреу озып, біреу қалыс қалады,
Қалмай барайық, қызық болады екен» – деді,
Бәрі аң-таң болып, елеңдеді.
Біреуі: «ойбай, беті құрсын!,
Бұл біздің дәстүрімізге бөтен» деді.
Енді бірі: «Қазір-ақ, жетем» деді.

…Еліттіріп жастарды,
Солай талас басталды,
Оң деді, терісті.
Біраз уақыт керісті.
Әйтеуір, еріккен достардың бір тобы,
Бармақшы болып келісті.
…Содан не керек,
Басталды бір «керемет».
Қыздар мен жігіттер,
Үкілеген үміттер,
Секілді бейне сүліктер.
Жұп-жұбына қарамай-ақ,
Бөліп-жарып, санамай-ақ,
Сүйісті жан салып,
Қалды бәрі тамсанып.

* * *
Айтар болсақ, шындықты,
Кім көріпті дәл осындай
сұмдықты?!.

Байтанағали Төлентаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support