- Advertisement -

Жапония Марсқа шағын зерттеу аппаратын жібермек

96

- Advertisement -

Жапондықтар Марсты зерттеу үшін 2020 жылға қарай кішігірім және арзан аппарат жасауды көздеп отырғанын хабарлайды. Оның салмағы бар болғаны 140 келі болмақ. Бұл алдыңғы құрылғылардан он есе жеңіл, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Yomiuri басылымына сілтеме жасап.
Мұндай аппараттың құны да арзан, небәрі 1-2 миллиард иенді құрайды. Әзірге АҚШ, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері 2020 жылға қарай Марсқа салмағы ауыр зерттеу аппараттарын жіберуге ниеттеніп отыр. Бұл зондтардың біріне жапондық кішкентай аппаратты қондыру жоспарланған. Марс орбитасына шыққан соң ол бөлініп, планетаға жеке өзі қонатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support