- Advertisement -

Жеміс-жидек пен көкөніс көп болсын десек

135

- Advertisement -

Ауыл шаруашылығы көкөністерін сұрыптау және тұқымдарын сынау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңадан өсірілген көкөніс пен бақша өнімдерінің ауруға, ауа райына төзімділігі, өнімділігі, тағы басқа да факторлары бойынша ерекшеліктер айрықша назар аударуды қажет етеді. Ауыл шаруашылық сұрыптары дегеніміз – өсімдіктердің өнімділігін интенсивті технология негізінде арттыру үшін жаңадан шығарылатын дақылдар түрлері.
Облыс бойынша жеміс-жидек, көкөніс, бақша және картоп сұрыптарын сынау жұмыстарымен Байзақ ауданындағы жеміс-жидек сұрыптарын сынау учаскесі айналысады.
Мемлекеттік сорт сынау – селекциялық үдерістің соңғы сатысы, осыдан кейін сұрыптар мен гибридтер нақты негізге алынып, мемлекеттік реестрге тіркелінеді. Тіркелу оларды тасуға, көбейтуге және аудандастырылған сұрыптар мен гибридтердің көшеттерін, ұрықтарын өткізуге мүмкіндік береді.
Негізгі сұрыптарды сынау жұмыстары мемлекеттік сұрыптың сынау әдістемелігін басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Біздің учаскеде екі жылдан бері 12 сұрып пен гибридті тәжірибелік сынақтан өткізілді. Олардың жоғары өнімділігі, ауруға және ауа райына төзімділігі тексеріліп, жергілікті жерде аудандастыруға болатынына көз жеткізілген соң мемлекеттік реестрге тіркеуге ұсынылды. Олардың қатарында қиярдың бір дана «Ленара», сарымсақтың «Алпамыс», пияздың «Братко» және «Казахстанский», картоптың «Тамаша» және «Память Лигай», тағы басқа да көкөніс және бақша өнімдерінің сұрыптары бар.
Осы жұмыстарды атқаруда мамандардың көп тер төгуіне тура келді, алдағы уақытта әлі де көптеген жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптары мен гибридтерді сынап, өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығы дамытылуына өзіндік үлесімізді қоса беретін боламыз.

Әбдіғали ЖАҢАБЕКОВ,
жеміс-жидек сұрыптарын
сынау учаскесінің агрономы.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support