- Advertisement -

Қайрат Нұртастың Алматыдағы концертіне арнайы автобустар қатынайды

75

- Advertisement -

21 желтоқсан күні Алматыдағы «Алматы арена» мұз сарайында Қайрат Нұртастың жеке концерті өтеді. Әншінің шығармашылық кешіне барамын деушілер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Көрермендердің қолайлығы үшін сағат 16:00-де Б.Шолақ атындағы спорт сарайынан (Абай даңғылы-Байтұрсынов көшесі) бастап «Алматы аренаға» дейін арнайы бағдарлар қатынай бастайды. Автобустар концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта жүреді. Билет құны бір бағытқа 100 теңгені құрайды. Сондай-ақ «Алматы аренаға» дейін «Саяхат» аялдамасынан №7 автобуспен және «Б.Шолақ атындағы спорт сарайы» аялдамасынан №57 бағдармен жетуге болады. Қалалық қоғамдық көліктерде жүру жол ақысы — 80  теңге.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support