- Advertisement -

Әлемнің экс-чемпионы Джейкобске Головкин сияқты «құбыжықтан» аулақ жүруге кеңес берді

67

- Advertisement -

Қос салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы болған америкалық Кори Спинкс өзінің отандасы Дэниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Голвкинге қарсы жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігін бағалап көрді.

Оның сөзінше, Головкин Джейкобс үшін тым мықты. Дегенмен, егер америкалық жекпе-жекті еш қатесіз өткізсе, жеңуге мүмкіндігі бар.

«Мен Дэнниге қарсы ештеңе айтқым келмейді, бірақ ол Головкинды жеңе алмайды. Егер Дэнни Головкинның соққысына шыдай алса, оны жеңуге болады. Кез келген адамды жеңуге болады. Джейкобс ол құбыжықтан аулақ жүріп, ара қашықтығын сақта. Онымен жақын қашықтықта қулық жасау керек. Қателіксіз, мінсіз жекпе-жек өткізу керек», — деді Спинкс Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өтеді және HBO арнасынан көрсетіледі.

ақпарат көзі: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support