- Advertisement -

Атыраулық бүлдіршінге Оңтүстік Кореяда тегін операция жасалды

59

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қайырымды жандардың арқасында атыраулық бүлдіршін Альмира Рысмағамбетоваға Оңтүстік Кореяда тегін операция жасалды. Туабітті мүгедек балғын сегіз жасқа толғанша еркін сөйлей алмаған. Жұрт қатарлы мектепке барып, қатарымен ойнап-күлуден қалған, деп хабарлайды 24.kz. Ата-анасының жағдайы болмағандықтан демеушілер көмегімен кішкентай Альмираға шетелде ем-дом жасалды. Қазір оның ахуалы жақсы, енді бірнеше күннен соң елге оралуы тиіс. Альмираның туабітті таңдайы жоқ. Осының салдарынан ауыз қуысы дұрыс бітпеген. Бұл кемістік дұрыс сөйлеуге де, тіпті күлуге де мүмкіндік бермей келген болатын. Өзі қатарлы балалардың келемеж ететіндігінен әбден қажыған бүлдіршін мектептен бас тартқан. Ал шетелдік білікті мамандар бүлдіршіннің басты арманының орындалуына мүмкіндік берді. Жанашырлық білдірген отандық туристік компания өкілдері мен оңтүстіккореялық дәрігерлер қолдан келген көмектерін аяған жоқ. «Альмираның жағдайына қаныққан соң қол қусырып қарап отыра алмадық. Кореялық дәрігерлермен ақылдасып, қалай да көмек көрсету қажет деп шештік. Оларда мәселемізді қайтармай, өз келісімдерін берді. Бейнебайланыс арқылы осы жерден-ақ барлық мәселені шешіп, операциядан кейінгі қалпына келу мерзімінде де бақылауға алу, емдік курстарды толық аяқтауға келістік. Пучхон қаласындағы халықаралық медицина орталығы жоғары санатты, білікті дәрігерлерімен әлемге әйгілі. Хирургтер Альмираға операция жасамас бұрын оның денсаулығын кешенді тексеруден өткізді. Жан-жақты медициналық тексерулер мен бүлдіршіннің сауығып кетуге деген ерік-жігерінің мықтылығы арқасында операция өте сәтті өтті деді бізге дәрігерлер»,-дейді туристік компания басшысы Роза Бекенова. Енді бірнеше күннен кейін дәрігерлердің қорытынды шешімінен соң Альмира анасымен бірге елге оралмақ.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support